
Максаты:Отан сүйгіштікке,патриотизм мен халықтың өткен тарихтын құрметтей білуге,тәуелсіздік,бостандық,еркіндік ұғымдарының тарихи маңызын түсіне білуге тәрбиелеу. Көрнектілігі:Тәуелсіз ел плакаты,Елтаңба,Жалау,1986ж Желтоқсан құрбандарының суреттері.   (т.б суреттер)
Сабақтың барысы:1.Жүргізушінің сөзі 2.Әдеби-музыкалық монтаж
3.Тәуелсіздік хронологиясы
4.Қотытынды Жургізуші:Сәлеметсіздерме,мұғалімдер және оқушылар!Ел үшін,жер үшін,болашақ үшін қан төгіп,күрескен ата-бабамыз арманы міне,бүгінде орындалып жатыр.Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ,1986 жылғы Желтоқсан оқиғасымен жалғасын тапты.Тәуелсіздігіміздің жирма жылдығын атап өтер тұста сол желтоқсан оқиғасына да міне 25 жыл толып отыр Жургізуші:Азаттықты аңсаған қазақ халқының асыл арманының орындалғанына да 20 жыл толғалы тұр. Осы сындарлы шақта елдің елдігін сақтап қалу, ұлттың еңсесін тіктеу, халықтың сенімін ақтау аса күрделі іс болатын. Сол аса күрделі кезеңде Н. Назарбаевтай көреген басшы салиқалы саясат ұстанып, елді, халықты сүріндірмей сара жолға шығарды. Елбасы осыдан 20 жыл бұрын: – Біз зайырлы құқықтық мемлекет құруымыз керек. Адам құқығы әркез қорғалуы тиіс. Заңдылықтар сақталса, адам өзінің заңды түрде қорғалатынын айқын сезінсе онда дұрыс жолмен келе жатқанымыз, – деп еді. Енді міне, сол сәттер де сағымға айналып, еліміздің егемендігіне 20, Ата Заңымызға 16 жыл толғалы тұр. 1 оқушы: Азапты ауыр күндер артта қалды, Еркіндік ернеуінен таптық балды. Тізгінін тәуелсіздік қолға ұстап, Шаттанып шаңыраққа жақтық шамды
2 оқушы: Асқақтап көк байрағы аспанымда, Қазақ тұр төрткүл дүние асқарында. Жаны жас жүрегі мәрт елмін бүгін Азаттық арайланып дастанында.
3оқушы Тәуелсіздік аңсаған қайран елім Талай ғасыр соғыста қорғап жерін. Арпалысып,алысып сыртқы жаумен, Сақтай білді қазақтың ел бірлігін. (ән АТАМЕКЕН)
1991 жылы желтоқсанда «Қазақстан
Республикасының тәуелсіздігі туралы» заң қабылданғаны белгілі. Биыл
тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтудің арнайы
тұжырымдамасы дайындалды. Қазір Қазақстан бүкіл әлем мемлекеттері ішінде
өз орнын таба білді. Әлем жұртшылығы Қазақстан мемлекетін мойындады.
Алғашында мал бағып жүрген көшпенді халықтың болашағы өркендейді деген
ешкінің ойына да кіріп шықпаған, түсіне де енбеген, фантастикалық қиял
ғажайып болып көрінген. Бірақ фантастиканың шындыққа жанасарын кім
білген? «Ырыс - ынтымағы жарасқан елді төңіріктейді» дегендей, Қазақстан
қазір ұлттық әл-ауқат жөнінен әлем мемлекеттері рейтингісінде 110елдің қатарында 50-ші орында тұр. Президентіміз
Н.Ә Назарбаевтың кемеңгер басшылығы арқасында мемлекетті қалыптастыруда
ғасырдың жүгін арқалаған уақыттар өтті, қыруар істер 20 жылда жүзеге
асырылды.
Әдеби-музыкалық монтаж (интерактивтік тақтада көрсетіледі)
Тәуелсіздік хронологиясы:
-1992
жыл - Тәуелсіз Қазақстанға 1 жыл толды.
Осы жылды Тәуелсіз Қазақстан Республикасының
Туы, Елтаңбасы, Әнұраны қабылданды.
Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып
кірді. -1993
жыл - 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп
аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының
теңгесі айналымға түсті. Оған атақты
тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы
15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен
қайта шықты. -
1994
жыл - мемлекетіміздің тұңғыш ордендері
мен медальдары дүниеге келді. Талғат
Мұсабаев Союз-ТМ 6 ғарыш кемесімен көкке
самғады. -1995
жыл- 30 тамызда Қазақстан Республикасының
«Ата Заңы» қабылданды. -
1996 жыл- 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының
І сессиясы болып өтті. -
1997 жыл- «Қуғын сүргін құрбандарын еске
алу жылы» деп аталды. -
1998 жыл- 6 мамыр Астана күні. Қазақстан
Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмола
қаласына көшті. Бұл күнде Астана қаласы
жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп,
өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің
басты қаласына айналды. -1999
жыл- 10 қаңтар Президент сайлауы өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті
болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. -
2000 жыл- «Мәдениетті қолдау жылы» деп
аталды.Түркістанға 1500 жыл толды.
-
2001
жыл - 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр
тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл
толды. -
2002
жыл. «Денсаулық жылы» жарияланды. -
2003-2005
жылдары «Ауыл жылы» жарияланды. -
2004
жыл- «Қазақстан – Ресей» жылы болды. -
2005
жыл- Ресейде «Абай жылы» аталып өтті. -
2006
жыл- Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты
Желтоқсан
көтерілісіне
20 жыл толды. -
2007
жыл- «Қазақ тілін қолдау» жылы. -
2009
жыл- елімізде халық санағы ұйымдастырылды.
-
1999
жылы Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымына кірді, 2010 жылы
осы ұйымға төрағалық етіп, осы жылы
Астанада Еуропа қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізді.
-
2011
жыл қысқы АЗИАДА - мен басталды. Киелі
қазақ жері осындай атаулы оқиғалардың
куәсі болып отыр. «Бірлігі жарасқан
еліміз тек биіктен көріне берсін! Алға,
Қазақстан!
Жаса, Қазақстан!»
Жургізуші Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық.Қорғауға әрқашан да дайын тұрайық.Азат елдің білікті,білімді,жігерлі,зиялы азаматты болайық!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен аяақталады.
№120орта мектебі 9В сынып жетекшісі Белдебекова А.С.
|