Суббота, 18.05.2024, 22:26
Приветствую Вас Гость | RSS
біздің сұрақтар
Біздің сыныптың сайтты ұнады ма?
Всего ответов: 121
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
сайтқа кіру

Главная » 2012 » Март » 22 » Наурыз мерекесі
12:50
Наурыз мерекесі

Құрметті достар!

Наурыз - ең алдымен бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі. Көне заманнан бері бұл күні елдер арасында соғыстар тоқтатылып, ру аралық жанжалдар мен даулар шешіліп, ренжіскендер татуласқан. Сондықтан да бүгінгі күні бізге бұл көктемгі мерекенің терең де ақиқат мәні жақын және түсінікті.

Көне және мәңгі жас Наурыз мерекесі бәрімізге күш-қуат қосып, жаңа істерге бағыштайды деген сенімдемін. Шын жүректен зор денсаулық, шаңырақтарыңызға береке, қайырымдылық пен бақыт, Туған Отанымыз – Қазақстан Республикасының өркендеуі үшін бейбіт еңбек шаттығын тілеймін. Барлық тілектеріңіз орындалып, үміттеріңіз ақталсын

Еліміздің гүлденуі жолында аянбай қызмет етіп, Елбасының алға қойған міндеттерін орындауға, жастар саясатын іске асыру жолында ауқымды шараларды жүзеге асыруға бағытталған қажырлы қызметтеріңіз алға басып, әрдайым табысты да, жемісті болсын! Алға қойған барлық арман, жоспарларыңыз орындалып, игілікті істеріңіз тек қуаныш әкелсін!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз елімізде қай кезде де еңсесі биік, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Осындай мерекелі күні отбастарыңызға мықты денсаулық, бақытты да ұзақ ғұмыр тілей отырып, еліміздің мерейі үстем болып, халқымыздың абыройы асқақтай берсін дегіміз келеді! 

 Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Сіздерді жер-дүниені жаңартып, көктемді ерте келетін Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен «9в»сынып оқушылардың атынан шын жүректен құттықтаймыз!


 


Просмотров: 1951 | Добавил: funny_boy | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Шәйхана
іздеу
Күнтізбе
«  Март 2012  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Видео
Біздің Әндер

Сайтты жасаған 9в сынып оқушылары ©2024